31 шілдеден бастап тасымалдаушы Алматы – Измир маршруты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін бастайды.
Ұшулар аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 ұшақтарымен жүзеге асырылады. «Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді», – деп атап өтті көлік министрлігінде.
