Қазақстан мен Сауд Арабиясы авиарейстер санын аптасына 70-ке дейін арттырады

Қазақстан мен Сауд Арабиясы екі мемлекет арасындағы тұрақты авиарейстер санын аптасына 28-ден 70-ке дейін арттыру туралы келісімге келді.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы авиарейстер санын аптасына 70-ке дейін арттырады

Әуе қатынасы туралы келісім 26 тамызда Эр-Риядта қол қойылды.

Бұл келісімдер сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды дамытуға, инвестицияларды тартуға, сондай-ақ туристік және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

Әуе компаниялары Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.