Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан Республикасының басшыларының Консультативтік кездесуі, ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесі, сондай-ақ Каспий экологиялық саммитіне қатысатынын растады.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтың Астанада қараша айының басында жоспарланған «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» Акаба процесінің отырысына қатысуын күтетінін атап өтті.

