Талқылау барысында тараптар су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және климаттық тұрақтылықты арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін қозғады.
Қазіргі уақытта жүйенің архитектурасы әзірленіп, гидротехникалық құрылыстардың цифрлық деректер базасы құрылды, сондай-ақ пилоттық су қоймалары үшін әлеуетті су басу аймақтарын модельдеу жүргізілді.
Сонымен қатар, ПРҰОН Кендерлік өзенінде су қоймасын салу үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеумен айналысуда.
