Северцов мұздығында 19 жыл бұрын жоғалған туристің денесі табылды

Қазақстандағы қолжетімсіз биік таулы мұздықта 19 жыл бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды.

Северцов мұздығында 19 жыл бұрын жоғалған туристің денесі табылды

Сол кезде жүргізілген іздестіру операциялары, соның ішінде тікұшақ пайдалану, нәтиже бермеген.

Сүйектердің тиесілілігі Қазақстан азаматының рюкзагынан табылған жеке куәлікпен расталды. 19 тамызда беларусь туристерінің тобы Алматы облысының Талғар ауданындағы Северцов мұздығында адам сүйектерін тапқаны хабарланды.