Алдын ала мәліметтер бойынша, автомобиль жолға шыққан түйені соғып, содан кейін қарсы жолаққа шығып, екінші көлікпен соқтығысқан.
Оқиға нәтижесінде төрт адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы төрт адам жарақат алды.
Құқық қорғаушылар жануардың кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.

