Финалда ол беларусь теннисшісі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.
Дүйсенбіден бастап Рыбакина Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) рейтингінде бірінші орынға шығады. «Бұл Қазақстан теннисі үшін тарихи күн. Еленаны күреске бар күшін салып, әлемнің ең ірі ареналарында жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін алғыс айтамын», — деді Утемуратов, деп хабарлайды КТФ-ның баспасөз қызметі.
Ол сондай-ақ Рыбакина жетістіктері жас қазақстандық теннисшілер үшін шабыт көзі болатынын атап өтті.

