РФ елшілігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда Ресей дипломатиялық өкілдігінің басшысы мен консулдық мекемелердің жетекшілерінің бұйрықтары негізінде сегіз сайлау учаскесі құрылды.
18 жастан асқан Ресей азаматтары сайлауға қатысу үшін учаскеге барып, РФ-ның қолданыстағы ішкі немесе шетелдік паспортын көрсетуі қажет. Ескерту: консулдық есепте болу талап етілмейді.
Сайлаушылардың жекелеген топтары — Ресей азаматтары үшін мерзімінен бұрын дауыс беру 6 қыркүйекте Петропавл мен Қостанайда, ал 13 қыркүйекте Павлодар, Қарағанды, Семей, Ақтөбе және Талдықорғанда өтті.
