Қазақстанда ЖРВИ ауруы жыл ішінде 1,8 есе төмендеді

«Грипп жағдайлары тіркелген жоқ, елде жаңа, бұрын белгісіз респираторлық вирустар анықталған жоқ», — деп атап өтті ведомство.

Қазақстанда ЖРВИ ауруы жыл ішінде 1,8 есе төмендеді

«COVID-19 басқа маусымдық респираторлық вирустармен қатар айналымда болып жатыр. Осы орайда Қазақстанда жаңа, бұрын белгісіз вирустар анықталған жоқ», — деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.

ЖРВИ, грипп және басқа маусымдық ауруларға шалдығу ықтималдығын төмендету үшін мамандар бөлмелерді үнемі желдетіп, қолды жиі жуу және жеке гигиенаны сақтау ұсынылады.

Температура, жөтел, тамақ ауруы және басқа симптомдар пайда болған жағдайда үйде қалып, уақытында медициналық көмекке жүгіну қажет.