РФ азаматтары Семей, Павлодар, Қарағанды және Талдықорғанда дауыс бере алады.
Дауыс беру учаскелері жергілікті уақытпен 10:00-ден 18:00-ге дейін (МСК бойынша 08:00-ден 16:00-ге дейін) жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Қазақстандағы ресейліктер 20 қыркүйекте Астанада, Алматыда, Ақтауда, Оралда және Өскеменде РФ дипломатиялық өкілдіктерінде дауыс бере алады.
