Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың мамыр айынан бастап бітімгершілік миссия аясында 15-тен астам операция өткізілді.
Қауіпті заттарды іздеу, залалсыздандыру және жою үшін Қазақстанның үшінші ұлттық контингентінің инженерлік-саперлік тобы жұмыс істейді.
Министрлікте жеке құрамның жоғары біліктілігі, іс-әрекеттердің тиімді үйлесімділігі және қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуы топқа берілген міндеттерді сәтті орындауға және жауапкершілік аймағында тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
