Қазақстанға 2035 жылға дейін 3 миллионнан астам маман қажет

Үкімет отырысында Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2035 жылға дейін елге 2,9 миллион маман қажет болатынын мәлімдеді.

Қазақстанға 2035 жылға дейін 3 миллионнан астам маман қажет

Сонымен қатар, ол еңбек нарығының қазіргі жағдайы туралы өзекті деректерді келтірді. Прогноздарға сәйкес, мамандардың ең үлкен тапшылығы өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында күтілуде. «Кейбір мамандықтар біртіндеп жойылады, көптеген мамандықтар трансформацияланады, бір мезгілде жаңа қызмет бағыттары пайда болады», — деді ол.