Астананың аспанында ерекше дрондар: полиция тәртіпті сақтау қажеттігін ескертеді

Астананың аспанында ерекше дрондар пайда болды. Азаматтарға заң талаптарын, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін сақтаудың қажеттілігі ескертілуде, сондай-ақ айналадағы адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге жол бермеу керектігі хабарланды, деп жазады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Астананың аспанында ерекше дрондар: полиция тәртіпті сақтау қажеттігін ескертеді

«Қауіпсіз үй» бағдарламасы аясында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді, жатақханаларды, хостелдерді және қонақ үйлерді тексеруде.

Заң бұзушылықтарды анықтауға, профилактикалық есепте тұрған адамдардың тұратын жерлерін тексеруге, сондай-ақ азаматтарға заң талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылуда.