Жоба бірнеше кезеңнен тұрады: егістіктерді қашықтан бақылау, әлеуетті ауруларды анықтау және әрі қарайғы әрекеттер бойынша ұсыныстар жасау. «Анализ нәтижелеріне негізделе отырып, жүйе емдеу нұсқаларын ұсына алады, қажетті препараттарды таңдай алады және өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізушілер мен компанияларды табуға көмектеседі», — делінген хабарламада.
Беспилоттық технологиялар мен жасанды интеллекттің үйлесімі дәл егіншілікке көшу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, ресурстарды проблемалар анықталған учаскелерге бағыттауға мүмкіндік береді.
