Оқиға Ақмола облысының Бестобе ауылында болды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары ауылда заңсыз алтын өндіруді тоқтату бойынша жедел-профилактикалық шаралар жүргізіп жатты. «Заңсыз әрекеттер, соның ішінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау, заңға сәйкес тоқтатылады», — деп атап өтті ведомство.

