Электронды кезекте слот алу үшін тасымалдаушының арнайы электронды шотында 20 МРП-ға тең сома болуы тиіс.
Егер көлік құралы белгіленген уақытта өткізу пунктіне келсе, енгізілген қаражат автоматты түрде толық көлемде иесіне қайтарылады.
Мемлекеттік кірістер департаменті тасымалдаушыларды маршруттарды алдын ала жоспарлауға және арнайы шотта қажетті соманың болуын бақылауға шақырды.
