Турнирдің алғашқы үш күнінде қазақстандық параспортшылар он рет ең жоғары дәрежедегі пьедесталға көтерілді, бұл ел үшін жаңа тарихи жетістік болды.
Команданың жалпы медальдік есебі қазіргі уақытта 32 жүлдені құрайды — он алтын, он күміс және он екі қола.
Пара дзюдода алтынды Ибрагим Нурмаханұлы, Бексултан Кулмырза, Актолқын Сейілбекова, Зарина Раифова және Шукурбеков Журқамырза жеңіп алды.

