Қазақстан үш жылда 20 геологиялық барлау жобасын іске қосады
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Қазақстанда үш жыл ішінде 100 мың шаршы километр аумақта 20 геологиялық барлау жобасын жүзеге асыру жоспарланып отырғанын, олардың ішінде жеті объектінің перспективалы деп танылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, бүкіл сала бойынша ауқымды цифрландыру жүріп жатыр.
Расталған учаскелерді аукционға дайындау келесі жылға жоспарланған.
Біртұтас жер қойнауын пайдалану платформасы 70 мыңнан астам геологиялық есептер мен 109 мың зерттеу контурын қамтиды.