Оперативтік шаралар нәтижесінде елден әкімшілік тәртіппен 13 адам шығарылды, олар кейін Қытайдың уәкілетті органдарына тергеу үшін тапсырылды.
Тексеру кезінде ұсталғандардан ірі көлемдегі компьютерлік жабдықтар, көптеген мобильді құрылғылар, бірнеше Starlink спутниктік байланыс жиынтықтары, сондай-ақ криптовалюта әмияндарында сақталған едәуір ақша қаражаттары тәркіленді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, қаскүнемдер елдің резиденті емес азаматтарға қарсы әрекет еткен.

