Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) және жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, сондай-ақ іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Ластаев сондай-ақ, бір ай бұрын Астана әкімдігі, Қазақстанның транспорт министрлігі және Changi Airports International (CAI) компаниясы жаңа әуежайдың құрылысы бойынша ынтымақтастық туралы рамалық келісімге қол қойғанын еске салды.
Changi Airports International компаниясы мемлекеттік корпорация Changi Airport Group (CAG) құрамындағы еншілес кәсіпорын болып табылады және 35 елде орналасқан 90-нан астам әуежайда халықаралық жобаларды жүзеге асыруда.
