Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Дрозденконы Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтас қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін „Достық“ II дәрежелі орденімен марапаттады».
Қазақстанда «Достық» ордені азаматтарға қоғамда өзара келісімді сақтау, сондай-ақ халықтар арасында бейбітшілік, достық және ынтымақтастықты нығайтудағы елеулі еңбектері үшін беріледі.
