Третьяков галереясынан қазақ еліне келген орыс өнерінің шедеврлері

1917 жылдан 1970 жылдарға дейінгі орыс өнерінің дамуын көрсететін экспозиция Абылхан Кастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде өтеді.

Третьяков галереясынан қазақ еліне келген орыс өнерінің шедеврлері

Көрмеге қойылған жұмыстардың арасында Аркадий Рыловтың «Көк кеңістікте», Борис Кустодиевтің «Большевик», Кузьма Петров-Водкиннің «Комиссардың өлімі» эскизі, сондай-ақ Александр Дейнека, Петр Вильямс, Петр Кончаловский, Илья Машков және басқа да шеберлердің картиналары бар.

Алматы тұрғындары мен қонақтары Третьяков галереясының осы шедеврлерін үш ай бойы көре алады.

Сонымен қатар, орыс абстракционист суретшілеріне арналған басқа көрме 1 қазаннан бастап Қытайда ашылды.