Жұмыстар, атап айтқанда, 101, Үшқоңыр, Жубанова, Пушкин, Өндіріс, Циолковский, Тайбурыл және Мұнайшылар көшелерінде, сондай-ақ «Алай» базарының маңында, Солтүстік айналма жолында, Алаш даңғылында және Пушкин көшесіндегі теміржол өткелінде жүргізілді.
Есіл ауданында ғарыштық мониторинг нәтижесінде төрт учаскеде 19 заңсыз қалдық жинау орны анықталды.
Тұрғындар мен кәсіпкерлерді абаттандыру ережелерін сақтауға, қалдықтарды уақтылы шығаруға және құрылыс пен тұрмыстық қоқысты тек арнайы бөлінген орындарда жинауға шақырады.
