Conde Nast Traveller журналының нұсқасы бойынша саяхаттау үшін ұсынылған орындардың арасында Албан Альпілері, өзінің көркем таулы пейзаждарымен, бірегей көгілдір өзендерімен және қонақ үйлер арасындағы жаяу маршруттарымен танымал.
Рейтингке үнділік Джайпур, Ямайканың оңтүстік жағалауы және Анголаны, Ботсвананы, Намибияны, Замбияны және Зимбабвені қамтитын трансшекаралық табиғатты қорғау аймағы Каванго-Замбези де енді.
Америкалық Мемфис туристерді жаңартылған музей және өнер инфрақұрылымымен тартады, ал жапондық Ниигата префектурасы ауылдық жерлердің дамуына ықпал ететін заманауи өнер фестивалімен танымал.
