«Өзбекстанға экспорт 8,8%-ға, 1,39 миллион тоннаға дейін артты, Тәжікстанға 9,6%-ға, 417 мың тоннаға дейін өсті. Қытайға жеткізілім 1,8 есеге, 436 мың тоннаға дейін көбейді, Ауғанстанға 1,6 есеге, 632 мың тоннаға дейін жетті», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, ағымдағы жылы астық және ұн жеткізілімдері дәндік эквивалентте 15,3 миллион тоннадан 16 миллион тоннаға дейін өсті.
«Біздің міндетіміз – дәстүрлі нарықтардағы позицияларды нығайту, жаңа бағыттарды ашу және аграрийлерге сату үшін болжамды жағдайларды қамтамасыз ету», – деп атап өтті Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
