«Заңсыз өндіру орнынан алтын құрамында жеті қап, руданы жуу және ұсақтау үшін жабдық, екі металлоискатель, екі тиегіш және экскаватор тәркіленді», — делінген хабарламада.
Абай облысының АФМ департаменті прокуратурамен үйлесімде Жармин ауданында заңсыз алтын өндіруді ұйымдастырған топтың әрекетін тоқтатты.
Алтын құрамындағы руданы ашық әдіспен өндіру және арнайы жабдықты пайдалана отырып жуу жүргізілген.
Участокты тексеру кезінде тереңдігі 15 м карьер табылды.
Заңсыз алынған тау массасының көлемі 12 мың куб. м-ден асты, бүлінген құнарлы топырақ қабатының ауданы 4 мың кв. м-ден асты.
