Қазіргі уақытта мамандар әуежай инфрақұрылымының ғимараттарында әрлеу жұмыстарын жүргізіп, жабдықтарды монтаждау және баптаумен айналысуда.
Зайсандағы және Катонқарағайдағы нысандардағы жұмыстардың барысын көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов тексерді.
Әуежайда ұшу-қону жолағы, перрон және рулежді жолдың құрылыс жұмыстары аяқталды, сондай-ақ блочно-модульді қазандық салынды және республикалық автожолдың учаскесі көшірілді.
Аэронавигациялық жабдықтарды монтаждау жалғасуда, бірақ құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі мен жолаушылар рейстерінің басталуы әлі жарияланған жоқ.
