Зайсандағы әуежай құрылысын аяқтау жақындап қалды

«Қазіргі уақытта мамандар әуежай инфрақұрылымының ғимараттарын әрлеумен, жабдықтарды монтаждау және баптаумен айналысуда.»

Зайсандағы әуежай құрылысын аяқтау жақындап қалды

Қазіргі уақытта мамандар әуежай инфрақұрылымының ғимараттарында әрлеу жұмыстарын жүргізіп, жабдықтарды монтаждау және баптаумен айналысуда.

Зайсандағы және Катонқарағайдағы нысандардағы жұмыстардың барысын көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов тексерді.

Әуежайда ұшу-қону жолағы, перрон және рулежді жолдың құрылыс жұмыстары аяқталды, сондай-ақ блочно-модульді қазандық салынды және республикалық автожолдың учаскесі көшірілді.

Аэронавигациялық жабдықтарды монтаждау жалғасуда, бірақ құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі мен жолаушылар рейстерінің басталуы әлі жарияланған жоқ.