№ 82 «Айару» балабақшасында тәрбиеленушілер Robot Mouse, Blue-Bot, Botley және UARO Coding Robot жинақтарымен жұмыс істейді.
Сабақ барысында балалар роботтардың қозғалыс маршруттарын жоспарлап, алгоритмдер құрастырып, бағдарламалайды, сондай-ақ өз жұмыстарын талдайды.
Биыл «Айару» балабақшасының тәрбиеленушілері «Жас ғарышкер» атты V Халықаралық мектепке дейінгі робототехника фестиваліне қатысып, «Робот-бал ара (Blue-Bot)» және «Байқоңыр және балалардың көзімен ғарыш» номинацияларында өнер көрсетті.
