Freedom Holding Corp. табысы өткен тоқсанда 40%-ға артты

Холдингтің есепті тоқсандағы негізгі табыс көздері маржиналды займдар, клиенттік кредиттеу және борыштық бағалы қағаздармен операциялардан түскен пайыздық түсімдер болды.

Freedom Holding Corp. табысы өткен тоқсанда 40%-ға артты

Маусымның соңында халықаралық рейтингтік агенттік Standard & Poor’s Freedom Holding Corp. құрамындағы компаниялардың ұзақ мерзімді рейтингтерін «В+» деңгейінен «ВВ-» деңгейіне тұрақты болжаммен көтерді.

Компания рейтингтердің өзгеруін соңғы үш жылда жүргізілген тәуекелдерді басқару және комплаенс-функцияларын жетілдіру жұмыстарының нәтижесімен байланыстырады.

Компанияның даму бағыттарының бірі Freedom SuperApp болып табылады — банктік, сақтандыру, инвестициялық, лайфстайл және телеком қызметтерін біріктіретін цифрлық платформа.