Сондай-ақ, республика Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков және қорғаныс министрінің орынбасары Алмаз Жұмакеев қызметтерінен босатылды.
Бұған дейін Маңғыстау облысының Каспий жағалауында өткен оқу-жаттығулар кезінде ауа райының күрт нашарлауы мен теңіздегі желдің күшеюіне байланысты 17 әскери теңізші суда қалып қойғаны хабарланған болатын, олардың тек үшеуін ғана құтқару мүмкін болды.
Әскери қызметшілердің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
