Әлназарова сондай-ақ жас ғалымдар, докторанттар және резидент дәрігерлер үшін гранттық бағдарламаны іске қосу бастамасын көтерді.
Қазақстандық ұлттық ғылыми орталықтар мен университет клиникалары ОТГ елдерінен келген мамандарды практикалық даярлау үшін алаңдар болуға дайын. Бұл кәсіби байланыстарды нығайтуға және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың практикалық және ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
