Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, бұл құжат екі елдің аумағында заңсыз негізде жүрген тұлғаларды қайтару процесін реттейді.
Келісім сондай-ақ, осындай азаматтарды қайтаруды ұйымдастыру үшін екі мемлекеттің уәкілетті органдарының өзара әрекеттесу механизмдерін белгілейді.
