Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жас жігіт заңсыз мигранттарды тасымалдау бабы бойынша кінәлі деп танылды, бұл Грекия заңнамасы бойынша ауыр қылмыс ретінде бағаланады.
Сотталғанның анасының айтуынша, оның ұлы Түркияда туристер үшін моторлы қайықтармен серуендеу жұмысы туралы әлеуметтік желілерде жарияланған хабарландыруға жауап берген.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде сотталғанға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілетіні хабарланды.

