Қазақстан транспорт саласындағы кәсіподақтарды талқылау алаңы болды

Екі күн бойы өткен кездесуге Халықаралық транспортшылар федерациясының (ITF) мүшелері, оның ішінде Орталық Азия кәсіподақтарының жетекшілері және Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аймағынан делегаттар қатысты.

Қазақстан транспорт саласындағы кәсіподақтарды талқылау алаңы болды

КТЖ-ның хабарлауынша, Қазақстанның кездесуді өткізу орны ретінде таңдалуы елдің еуразиялық логистика саласындағы маңыздылығымен байланысты.

ITF-ның жерүсті транспорт директоры Шон Сэйер Қазақстанның транспорт-логистика кешенінің әлемдегі ең интеграцияланған кешендердің бірі екенін атап өтті.

«Дөңгелек үстел» барысында кәсіподақтардың мүшелігін кеңейту, өзекті мәселелер, ұйымдастырушылық басымдықтар, салалық міндеттер және шекаралас кәсіподақтардың ынтымақтастығы мен жұмысын үйлестіру мүмкіндіктері талқыланды.