Қазақстанда кәсіпкерлер саны 550 мыңға артты

Қаржы министрі Мади Такиев премьер-министр Олжас Бектеновпен өткен отырыста еліміздегі кәсіпкерлер саны 550 мыңға артқанын хабарлады.

Қазақстанда кәсіпкерлер саны 550 мыңға артты

Сонымен қатар, салықтан жалтару үшін ұсақ құрылымдарға бөлінген компаниялар саны 260 мыңға азайған.

Министрдің айтуынша, кәсіпкерлер санының өсуі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды легализациялау процесімен тығыз байланысты.

Берілген мәліметтерге сәйкес, корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер бірінші жартыжылдықта 15,7%-ға артты.

Министр қаржы секторында және өңдеу өнеркәсібінде ең үлкен өсім байқалатынын атап өтті.