Қазақстан мен Өзбекстан 20 мың жүк тасымалдау рұқсатын алмасуға келісті

Самарқандта халықаралық автомобиль қатынасы мәселелері бойынша Қазақстан-Өзбекстан аралас комиссиясының отырысы өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан 20 мың жүк тасымалдау рұқсатын алмасуға келісті

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автомобиль тасымалдарын жеңілдетуге бағытталған келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлады Көлік министрлігі.

Отырыста транзиттік қатынасты дамытуға да айтарлықтай назар аударылды.

Қазақстан мен Өзбекстан екі мемлекет арасында үздіксіз транзит орнату мүмкіндігін талқылады.