Қазақстандағы мұнай өндіру болжамын S&P-мен талқылау

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тутқышбаев халықаралық рейтинг агенттігі S& P Global Ratings өкілдерімен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар мұнай-газ секторындағы қазіргі жағдайды талқылап, өндіру болжамдарын қарастырды және ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективаларын бағалады.

Қазақстандағы мұнай өндіру болжамын S&P-мен талқылау

Өзгеріп жатқан жаһандық конъюнктура жағдайында бұл бағыт Қазақстан энергетика саласының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Агенттік өкілдеріне инвестиция тарту және өндірістік қуаттарды модернизациялау бағытында Энергетика министрлігінің қызметі туралы ақпарат берілді.