Фестиваль бағдарламасына лекциялар мен ғылыми сарапшылардың баяндамалары, ғылымды насихаттаушылармен ашық талқылаулар, «Жер, мен сенімен» ғылыми-популярлы фильмінің көрсетілімі және Константин Рудер мен Арина Даниловамен паблик-ток кіреді.
Қатысушылар зертханалық жабдықтармен жұмыс істеп, химиялық эксперименттер жүргізіп, сұйық азоттың қасиеттерін зерттеп, экстремалды төмен температуралардың әсерлерін бақылап, сабын көпіршіктерін жасаумен айналыса алады.
Фестивальдің негізгі мақсаты мектеп оқушылары мен студенттерге қазіргі ғылымның тек теория мен оқулықтардан ғана емес, сонымен қатар нақты технологиялар, эксперименттер, инженерлік шешімдер мен болашақты қалыптастыратын мамандықтар екендігін көрсету.
