Қазақстандықтар Бангладешті (3:0), Сингапурды (3:1) және Лаосты (3:1) жеңді.
Әйелдер құрамасы Мальдивтерді (3:1) жеңіп, C тобында екінші орын алып, турнирде жалғастыруда.
Триатлондағы аралас эстафетаға қатысқан Аян Бейсенбаев, Аида Ким, Диана Ержанова және Егор Крупяков жарысты 1:31:45 уақытпен жетінші орында аяқтады.
Оқ ату спортында Ислам Сатпаев, Никита Шахторин және Константин Малиновский 10 метрлік пневматикалық винтовкадан командалық есепте жетінші орын алып, 1871,4 ұпай жинады.
