Қазақстанда 3000 адамға проактивті еңбекпен қамту механизмі іске қосылды

Қазақстанда пилоттық режимде Цифрлық еңбек қызметі негізінде проактивті еңбекпен қамту механизмі іске қосылды.

Қазақстанда 3000 адамға проактивті еңбекпен қамту механизмі іске қосылды

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазыкпаев мемлекет азаматтарға еңбекпен қамту мүмкіндігін бастамашылықпен ұсынатын модельге көшетінін атап өтті.

Кәсіптік біліктіліктің жетіспеушілігі жағдайында Enbek Skills платформасында тегін онлайн-курстар қолжетімді.

Жаңа мамандықты меңгеруге ниет білдіргендер үшін кәсіпорындарда дуалды оқыту бағдарламалары ұйымдастырылған.