Басылымның мәліметінше, жүктің ресми алушысы ретінде 444-бригаданың командирі әрі әскери барлау басшысы Махмуд Хамзаның бауырымен байланысты жергілікті фармацевтикалық компания көрсетілген. Алайда көп ұзамай жүк Ливия Ұлттық бірлік үкіметі қорғаныс министрінің орынбасары Абдессалам Зубидің нұсқауымен қамаудан босатылғаны айтылады.
Басылым дрондар кейін украиналық әскери мамандар орналасқан нысандарға жеткізілгенін жазады. Онда аппараттар жауынгерлік мақсатқа бейімделіп, украиналық нұсқаушылар жергілікті әскери қызметкерлерді оларды қолдануға үйретіп жатыр деген ақпарат бар.
Украиналық дрон мамандарының Батыс Ливияда жүргені туралы ақпарат бұған дейін де тараған. Сәуірде Associated Press екі ливиялық шенеунікке сілтеме жасап, украиналық мамандар негізінен Мисуратадағы әуе базасында, сондай-ақ Триполи мен Завиядағы әскери нысандарда жұмыс істейтінін хабарлады.
Сонымен бірге дәл төрт контейнер мен 4 мың қытайлық дрон туралы мәлімет әзірге ресми құжаттармен немесе тәуелсіз дереккөздермен расталған жоқ.
