Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге Ресей, Қазақстан және Беларусь қол қойды

Астана әкімдігіне қарасты Astana Tourism туристік даму орталығы мен Мәскеу қаласының Туризм комитетіне қарасты «Туризм және қонақжайлылықты дамыту жобалық офисі» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге Ресей, Қазақстан және Беларусь қол қойды

Қол қою рәсімі «САЯХАТ 2026» туристік форумының аясында өтті.

Москва Астанадағы профильді форумда бірқатар туристік жобаларын таныстырды.

Атап айтқанда, «Московское чаепитие» стендінде қатысушылар шай мен тәттілерді дәм тата алады, ал «Москва усадьбалары» жобасы аясында қонақтар үшін ретрофотоателье жұмыс істейді.