Закиева ханымның айтуынша, балалар осы мектептің интернатында тұрады, олар Қазақстанның әртүрлі облыстарынан келген.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, тексеру барысында мектептің асханасында санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталды.
Республикалық физика-математика мектебі — профильді пәндерді тереңдетіп оқытатын арнайы оқу орны.
