Пресс-қызметінің мәліметінше, 22 қазанда Брюссельде Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова мен OLAF басшысы Петр Клементтің кездесуі өтті.
Қазақстан тарапынан аталған өнім өндірушілері, жүзеге асырылып жатқан өндірістік бағдарламалар және кәсіпорындардың ЕО нарығына экспортты жалғастыруға қызығушылығы туралы ақпарат ұсынылды. «Кездесу нәтижесінде тараптар қажетті ақпаратпен алмасып, конструктивті диалогты жалғастыруға келісті», — деп атап өтті пресс-қызметі.

