Беларусь президентінің айтуынша, екі елдің көшбасшылары деңгейінде экономика мәселелері тұрақты түрде талқыланады.
Олжас Бектенов, өз кезегінде, Александр Лукашенкоға кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан ең жылы сәлемдер мен тілектерді жеткізді. «Беларусь біз үшін тарихи тұрғыдан әрқашан жақын, сенімді одақтас және серіктес», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

