2024 жылы принц Уильям негізін қалаған халықаралық экологиялық The Earthshot Prize сыйлығы Қазақстанның «Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасын «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» номинациясында марапаттады.
Қазақстанның сайгақтарды қалпына келтіру тәжірибесі халықаралық аренада танылды және жабайы табиғатты сақтаудың сәтті үлгісі болды.
Экология министрлігінде 2024 жылы елдегі сайгақтардың саны 2 833 600 бас болғаны атап өтілді.
