Путин филиалдың қабырғасында белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетінін, заманауи білім беру бағдарламалары мен әдістемелерінің енгізілетінін айтты. «Әрине, филиалдың қазақ жерінде орыс тілін және әдебиетін насихаттауда, орыс тіл біліміне үлес қосуда, біздің ортақ тарихи жадымызды сақтаудағы рөлін атап өткім келеді», — деп қосты Ресей лидері.
Президент ұжымға жаңа жетістіктер мен бар жақсылықты тіледі.
