Қазақстан мен Армения экологиялық бастамаларды БҰҰ конференциясында талқылады

Қалдықтарды басқару және экологиялық таза көлік шешімдерін енгізу мәселелері Қазақстан мен Армения арасындағы келіссөздердің тақырыбына айналды.

Қазақстан мен Армения экологиялық бастамаларды БҰҰ конференциясында талқылады

Ведомство басшысы Алибек Қуантыровтың Арменияның аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Давид Худатянмен кездесуі БҰҰ-ның биологиялық әртүрлілік жөніндегі Конвенциясының 17-ші Тараптар Конференциясы (COP17) аясында өтті.

Хабарланғандай, «тараптар қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, бөлек жинау, сұрыптау және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ осы салада заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктерін талқылады».

Сұхбат барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жүктемені азайту мәселесі де талқыланды. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көлік жүктемесін азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды», — делінген хабарламада.