Тоқаев 48 әскери бөлімнің тексеру нәтижелерін талқылады

Ведомство басшысы Қорғаныс министрлігінің құрылымдарында жүргізілген жоспардан тыс тексерудің аралық нәтижелерін ұсынды.

Тоқаев 48 әскери бөлімнің тексеру нәтижелерін талқылады

Міндеттерді орындау үшін мемлекеттік аудиттің тәжірибелі мамандарынан және ақпараттық технологиялар мен байланыс саласындағы сарапшылардан тұратын біріктірілген топ құрылды.

Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің барлық негізгі қызмет бағыттарының жағдайын кешенді бағалау жоспарлануда.

Президент сондай-ақ экономика мен әлеуметтік саясаттың маңызды салаларын қамтитын жоспарлы тексерулердің барысымен танысты.